DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ой мен жырдың өзегі Фариза ақын»

«Ой мен жырдың өзегі Фариза ақын»


5-12-2019, 10:24
Автор: akbota

     2019 жылдың 5 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ақиық ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арнап «Ой мен жырдың өзегі Фариза ақын»  атты әдеби  кеш өткізді.

     Фариза ақын әйел жаратылысының нәзіктігі мен қылықтылығын, жаны мен тәнінің сұлулығын, махаббатының мөлдірлігін жарқырата, сүйсінте жаза білген. Әйелдің болмысындағы табиғи қадір-қасиетін, әсіресе мөлдір махаббатын тереңнен толғап жазған соң, ақынның өлеңдері мың сан оқырманға ой салуда.                    

     Кеш барысында поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың нәзік иірім мен асқақ рухтан туған  поэзия жауһарлары оқылды. Әдеби кешімізге Ақмешіт институтының, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің студенттері мен №10 инновациялық мектеп оқушылары, ұстаздары қатысып ақынның шығармашылығы мен озық туындыларының ерекшеліктеріне тоқталып ой бөлісті. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысы Құдайбергенова Күнімжан ақынның шығармашылығына шолу жасады. «Жүрегі жырмен тербелген» атты акынның өмірімен шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасалды.



 

Вернуться назад