DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қазақ бұлбұлы»

«Қазақ бұлбұлы»


10-12-2019, 19:23
Автор: akbota

         Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Қазақ мемлекеттік консерваториясының профессоры, Социалистік Еңбек Ері ұлт мақтанышы Бибігүл Төлегенованың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ бұлбұлы» атты кітап көрмесі дайындалды. Бибігүл Ахметқызы әлемнің ең беделді сахналарында өнер көрсеткен. Лирикалық-колоратуралық сопрано дауысты әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары бар. Сонымен қатар Бибігүл Ахметқызы қазақтың опера өнеріне де елеулі үлес қосқан. Кітап көрмесіне әншінің өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған кітаптар, журналдар, суреттер, альбомдар қойылды. Сонымен қатар көрмеде Бибігүл Төлегенова туралы айтқан замандастарының естеліктері мен лебіздері орын алды.



 

Вернуться назад