DataLife Engine > Жаңалықтар > Жас журналистермен кездесу

Жас журналистермен кездесу


23-12-2019, 16:14
Автор: akbota

   2019 жылы 21 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Дидар» ақпараттық клубы аясында «Жас журналистермен кездесу»  ұйымдастырылды.

  Шараға Облыстық «Нақты ақпарат» порталының редакторы, «Сыр  үміті» жастар сыйлығының иегері Абай Тағыберген, «Халық» газетінің бас редакторының орынбасары  Қозы Көрпеш Жасаралұлы және «Кітап құрттары» еріктілер тобы қатысты.

  Жастармен өткен басқосуда журналистиканың әр бағыты, яғни газет, телевидение, радио саласындағы өзекті мәселелер, журналист мамандығы - қиындығы мен қызығы мол жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала екенін, жаңа технологиялар қарыштап дамып, ақпарат кеңістігі кеңейген дәл қазіргідей кезеңде журналистің қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түскендігі қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы екені туралы ойларымен бөлісті. 



 


Вернуться назад