DataLife Engine > Жаңалықтар > «Әбділда Тәжібаев тағылымы»

«Әбділда Тәжібаев тағылымы»


3-02-2020, 18:14
Автор: akbota

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәжібаев оқулары» апталығы аясында 3 ақпан күні ақын, жазушы, драматург Әбділда Тәжібаевқа арналған «Әбділда Тәжібаев тағылымы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кітап көрмесінің мақсаты Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

  Сыр бойының аяулы азаматы, әдебиет танушы, филолог, зерттеуші, профессор, ақын Әбділда Тәжібаев артына өшпестей үлкен мұра қалдырды. Ол қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған ірі тұлға.   

 Кітап көрмесіне қаламгердің «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес» атты өлеңдер жинақтары, «Жүректілер» атты пьесалар жинағы, «Өлең мен поэзия», «Қазақ драмасының туылуы және қалыптасуы» атты мақалалар жинағы, «Жылдар мен ойлар», «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» атты сын, эссе, прозалық еңбектері қойылып, оқырман назарына ұсынылды.



 


Вернуться назад