DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұлы даланың ежелгі дәуір әдебиеті»

«Ұлы даланың ежелгі дәуір әдебиеті»


5-02-2020, 10:55
Автор: akbota

  2020 жылдың 5 ақпан  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың ежелгі дәуір әдебиеті» атты әдеби кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын түсіндіру және шығармаларын насихаттау.

 Шара барысында оқырмандар ежелгі әдебиет деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштермен, шығармалармен танысты. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін, Қорқыт және Оғыз-наманы атаймыз. Жастар ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері  Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдар, ғалымдар, ақындар, ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқаны туралы пікір білдірді. Шараға «Болашақ» университетінің  оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сара Тайманова шәкірттерімен, «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенттері және «Кездесу»  клубының мүшелері қатысты. Оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалынды.




 

Вернуться назад