DataLife Engine > Жаңалықтар > Абылайхан-ерлік дәуірінің тұлғасы

Абылайхан-ерлік дәуірінің тұлғасы


7-02-2020, 12:59
Автор: akbota

      «Қай елдiң де айбынын асырып, айдынын тасытатын басты белгiсi – ұрпаққа мұра, ұлтқа ұран болатын ұлы тұлғалар. Қазақ халқының осындай ұлы тұлғаларының бiрi – Абылай хан. Абылай хан – қазақ рухын қайта түлетудiң алтын дiңгегiне айналған тұлға.

      Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр дастандардың арқауына айналды.

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ елінің өркендеп, нығаюуына саналы ғұмырын арнаған ұлы тұлғаның өнегелі де ерлік істері жайлы жазылған әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Абылайхан – ерлік дәуірінің тұлғасы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Кітап көрмесіне Д.Қаңбақовтың «Қазақ ханы Абылай»,  З.Тойшыбайдың «Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітабы, А.Қияттың "Абылай хан әулеті" және "Барақ сұлтан әулеті" т.б тарихи туындыдалары қойылып, библиографиялық шолу жасалды.

 

Вернуться назад