DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ақ мылтықтай мергендер»

«Ақ мылтықтай мергендер»


13-02-2020, 18:33
Автор: akbota

      13 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы-драматург және қоғам қайраткері Қалтай Мұхамеджанов пен қырғыз халқының жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық достығына арналған «Ақ мылтықтай мергендер» атты сырласу алаңы ұйымдастырылды.

     Қалтай Мұхамеджановтың көркемдік әлемі – қазіргі қазақ драматургиясы мен театрындағы бірегей, тік шырқау құбылыстары санатынан орын алады. Мұның өзі оның қазақ сахнасы мен өнерінің, мәдениетінің төріндегі айтулы орнын айқын көрсетеді.

     Нағыз көркем шығарма қашанда өміршең. Драматург .Мұхамеджанов пен қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың 1973 жылы бірлесіп жазылған «Көктөбедегі кездесуінің» көтерер мәселесі де қай кезең, қай қоғамда да мән-маңызын жоймайтын – адамгершілік, имандылық мәселелері.

       Шараның мақсаты қазақ пен қырғыз халқының ұлы перзенттерінің өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау.

     Аталмыш шараға – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Қазыбай Құдайбергенов пен аудандық кітапханалардың кітапханашылары қатысты.




 

Вернуться назад