DataLife Engine > Жаңалықтар > «Бәрін білгім келеді» /ойын-викторина/

«Бәрін білгім келеді» /ойын-викторина/


11-02-2020, 17:04
Автор: akbota

  11 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында  « Кітаппен  бірге өсеміз»  жоба  аясында балаларды ерте жастан кітап оқуға, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ақыл-ой және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында  «Бегім ана» балабақшасының «Қуаныш» тобының тәрбиеленушілеріне «Бәрін білгім келеді» ойын-викторина  өткізілді.

   Шарада   балалар  кітапхана туралы, кітап оқудың пайдасы жайлы қызықты және тартымды әңгіме тыңдап,  жаңа әдебиеттермен танысып,  төрт кезеңнен құрылған ойын – викторинаға қатысты. Атап айтқанда: «Сиқырлы үй – кітапхана»,« Кім ақылды, кім зерек?», «Жануарлар әлемі»,  «Ертегіні айтып бер».  Ойын барысында бүлдіршіндер  кітап жайлы  жұмақтар шешіп,   өлең  оқып, жануарлар туралы мәлімет алып, дүниетанымын кеңейтетін, ақыл- ойын дамытатын дидактикалық ойындарға  қатысты.  Шара  соңыңда  кітапханаға саяхат  ұйымдастырылды.





 

 


Вернуться назад