DataLife Engine > Жаңалықтар > «Әлемдік ойдың алыбы»

«Әлемдік ойдың алыбы»


25-02-2020, 17:25
Автор: akbota

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 25 ақпан күні қазақтың ұлы ақыны  Абай Құнабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп «Әлемдік ойдың алыбы» тақырыбында әдеби - танымдық онлайн-кеш ұйымдастырды.

  Шараның мақсаты: Абайдың әдеби мұраларын көпшілікке насихаттау. Шарада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директоры Н.Мырзамұратова  құттықтау сөз сөйлеп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары А.Айтбаева мен Б.Байжанова ақын шығармашылығы мен зерттеулеріне тоқталды.  Кездесуде қатысушылар Абай мұрасының сирек кездесетін кітаптарымен, олардың ішінде 1936 және 1939 жылдардағы латын графикасындағы басылымдарға ерекше назар аударды. Абай мен оның ұрпақтарының өмірінен айтылған қызықты деректерді қызыға тыңдады. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар кеш иелері ұсынған «Абай – кітапхана оқырманы», «Абай атындағы рухани орталық» бейнекөрсетілімді тамашалады.




 


Вернуться назад