DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ассамблея - ұлттардың ұйытқысы»

«Ассамблея - ұлттардың ұйытқысы»


27-02-2020, 16:31
Автор: akbota

      27 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеяның 25 жылдығына арналған «Ассамблея - ұлттардың ұйытқысы» атты мерекелік кеш өткізілді.

      Бейбітшілік пен ұлттар арасындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы - келісім мен ізгіліктің символына айналғанына жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шарада №12 І.Қабылов атындағы IT- мектеп-лицейінің, Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің, Абылайхан атындағы № 140 орта мектептің, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің , №4 С.Сейфуллин атындағы It мектеп - лицейінің, «Alif»  көпсалалы оқу орталығының оқушылары қатысты.

     Шараға қатысқан балалар М. Омарованың «Көмбе нанның дәмі» драмасынан  қойылым қойып, мерекеге арнап өлеңдер оқып, Қазақстан халықтарының тілдерінде әндер мен  мың бұралған билер орындады.


   




   

Вернуться назад