DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұлы даланың ұлы өркениеттері»

«Ұлы даланың ұлы өркениеттері»


28-02-2020, 19:01
Автор: akbota

          27 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер бөлімінде «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын айқындайтын қолөнерге қатысты әдебиеттер қойылды.

          Ұлы дала төсінде салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы.  Сондықтан да көрмеде сәндік-қолданбалы өнер, атап айтқанда асыл тастар, сүйек, жүн, ағаш, қыш, металдар, былғары, құрал-сайман, үй жиһазы және әшекей бұйымдарды өңдеу, жасау жолдары мен түрлері жайында жазылған қордағы әдебиеттер орын алды.

         Көрмемен танысқан оқырман қауымға қолөнер бұйымдары қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі екендігі түсіндірілді.



 


Вернуться назад