DataLife Engine > Жаңалықтар > «Баспасөз – өмір айнасы» тікелей эфир

«Баспасөз – өмір айнасы» тікелей эфир


17-07-2020, 16:10
Автор: akbota

   Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.

   Кітапханаға келіп түсетін баспасөз халықты рухани жағынан байытатын, ел мен елдің арасын байланыстырып, достық қарым-қатынасты орнату мақсатында, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 17 шілде күні «Баспасөз – өмір айнасы» тақырыбында облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Жұмадинова Гүлдана Нұртайқызымен тікелей эфир ұйымдастырды.

  Эфир барысында бүгінгі редакция тынысы, жаңалықтың уақытылы жарыққа шығуы, оқырман хаттарындағы пікірлер туралы сөз қозғалды. 


Вернуться назад