DataLife Engine > Жаңалықтар > «Үздік оқырман бенефисі»

«Үздік оқырман бенефисі»


2-09-2020, 16:31
Автор: akbota

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2020 жылдың 2 қыркүйек күні кітапхана оқырмандарын кітап оқуға тарту, кітапхананың, кітап пен кітап оқудың беделін көтеру, оқырмандардың шығармашылығын жетілдіру, кітапхана оқырмандары арасында тартымды, заманауи бейнесін  қалыптастыру мақсатында «Үздік оқырман-2020»  атты онлайн сұхбат ұйымдастырды. Шараның басты кейіпкері  Әлиева Назерке Тахирқызы  1994  жылы, қыркүйек айының  21-ші жұлдызында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

   2010 – 2014 жылдарында   М.Мәметова атындағы  Жоғары гуманитарлық колледжін, 2014 -  2017 жылдары  Қорқыт ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік  университетін   «Қазақ  тілі  және әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

   2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда гуманитарлық – экономикалық колледжінде  оқытушы болып жұмыс атқарады.  2010  жылдан бері  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тұрақты оқырманы. Тек осы жылдың ішінде  Назерке 100-ден астам кітап оқып шықты. Сұхбат барысында Назерке сұрақтарға жауап беріп, өзі оқыған кітаптарымен бөлісті.



 

Вернуться назад