DataLife Engine > Жаңалықтар > "Интернет желісіндегі қауіпсіздік" медиа сабақ

"Интернет желісіндегі қауіпсіздік" медиа сабақ


21-01-2021, 11:00
Автор: akbota
    2021 жылдың 21 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Интернет желісіндегі қауіпсіздік» атты интернет жүйесі және желілердегі қауіпсіздік туралы медиа сабақ өтті.
    Қазіргі таңда интернет желісін пайдаланбайтын, әлеуметтік желілерді қолданбайтын адам аз. Заман ағымы, уақыт талабына сай мұндай әлеуметтік желілер адамдар арасында қарым-қатынас орнатудың ғана емес, ауқымды мәселелерді талқылауға, белгілі бір оқиға не құбылыс туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпалы зор үлкен күшке айналып отыр. Интернетті игі мақсаттардан бөлек, теріс пиғылдарын жүзеге асыру үшін пайдаланатындар да кездесіп жатады. Желіде де өмірдегі сияқты қай жерде ақша болса, сол жерде басқалардың ақшасын оңай иеленгісі келетін алаяқтар пайда болады.
    Медиа сабақтың мақсаты : Интернетте алаяқтықтың неше түрлі жолдары кең етек жайып келе жатқандығы, олардан сақтану үшін оқырмандарды хабардар ету. Қоғамдық желілердегі онлайн қарым-қатынасыңыз шын өміріңізге қауіп төндірмеуіне сақ болу.


 

Вернуться назад