DataLife Engine > Жаңалықтар > «Балалық шақтың жұлдызды сәттері» атты мерекелік кеш

«Балалық шақтың жұлдызды сәттері» атты мерекелік кеш


25-05-2021, 11:06
Автор: akbota

     25 мамыр күні мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда бейімделуіне және мейірімділік, ізгілік, жанашырлық, қуаныш сыйлау мақсатында«Балалық шақтың жұлдызды сәттері» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

    Шара барысында Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде есепте тұрған  /үйден қызмет көрсетілетін/ мүмкіндігі шектеулі балаларға І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп-лицейі,       №257 Ж.Нұрсейітов атындағы,  №233  орта мектеп және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп оқушылары би билеп, әннен шашу шашып, орыс халық «Бауырсақ» ертегісі бойынша қойылым  қойып, мерекелік көңіл – күй сыйлады.

    Мерекелік шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.



 

Вернуться назад