DataLife Engine > Жаңалықтар > Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, график-кескіндемеші, жерлесіміз Ағымсалы Дүзелхановтың туғанына 70 жыл толуына орай «Қылқаламды жанына серік еткен» атты суретшінің шығармашылығына арналған көрме

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, график-кескіндемеші, жерлесіміз Ағымсалы Дүзелхановтың туғанына 70 жыл толуына орай «Қылқаламды жанына серік еткен» атты суретшінің шығармашылығына арналған көрме


5-05-2021, 16:47
Автор: akbota

        5 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, график-кескіндемеші, жерлесіміз Ағымсалы Дүзелхановтың туғанына 70 жыл толуына орай «Қылқаламды жанына серік еткен» атты суретшінің шығармашылығына арналған көрме дайындалды.

        Көрмеге Ағымсалы Дүзелхановтың шығармашылығына арқау болған образдардың бірі - қазақ әйелінің бейнесі жасалған туындылар:   «Тұмар патшайым», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Сәукеле киген қыз», «Көктем», «Көл жағасында» сияқты сұлу бикештердің образдары бейнеленген туындылары қойылды. Сонымен қатар «Абылай хан», «Әбілхайыр хан», «Күлтегін», «Қазыбек би» сынды ұлы тұлғалар бейнелері жасалған еңбектері де оқырман назарына ұсынылды.

        Суретшінің шығармашылығына арналған көрмеге онлайн шолу барысында Ағымсалы Дүзелханов туралы толық мәліметтер берілді. Көрмеге қойылған энциклопедиялық басылымдар мен суретші туралы жазылған кітаптарға шолу жасалды.




 

Вернуться назад