DataLife Engine > Жаңалықтар > «Күйтабақтардың екінші тынысы» Роза Рымбаева

«Күйтабақтардың екінші тынысы» Роза Рымбаева


24-06-2021, 17:27
Автор: akbota

   24 маусым күні өткізілген кітапхананың күйтабақтар қорымен таныстырудағы  кезекті  онлайн шарада өнер сүйер қауымға  Қазақстанның  халық  әртісі,  қазақ эстрада әншісі,  профессор  Роза Қуанышқызы Рымбаеваны танымалдылыққа алып келген «Әлия» әнінің шығу тарихы таныстырылды.

    Сазгер Сейдолла Бәйтереков пен ақын Бәкір Тәжібаевтың «Әлия»  әні  Роза  Рымбаеваға да, ән авторларына да  танымалдылық алып келді.

   Ән  алғаш  рет  1977 жылы Болгарияда өткен "Золотой Орфей" фестивалінде  шырқалды. Бұл ән патриоттық рух пен ұлттық құндылықты оятады. Тарихқа тағзым, ерлікті ұлықтайтын әсем ән. Сондықтан да   «Әлия» әні  халық  қазынасына  айналған,  орны  ерекше шығарма болып қала бермек.

   Онлайн шара барысында көпшілікке «Әлия» әнінің шығу тарихы қысқаша таныстырылып,  соңынан  тыңдауға  ұсынылды.




 

Вернуться назад