DataLife Engine > Жаңалықтар > Қалалық мәслихат депутаты Кәрімова Бейбіткүл кітапхана ұжымымен және сайлаушыларымен кездесті.

Қалалық мәслихат депутаты Кәрімова Бейбіткүл кітапхана ұжымымен және сайлаушыларымен кездесті.


15-06-2021, 12:05
Автор: akbota

   «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы 15 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып, кітапхана ұжымымен және өз сайлаушыларымен кездесу өткізді.

    Кездесуде депутат Б.Кәрімова өңірде ғылымды өркендету бағытында қолға алынып жатқан кешенді жобалардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жергілікті ғалымдардың әлеуетін тиімді пайдалану үшін оларға жасалып жатқан мүмкіндіктер жөнінде баяндап берді. Білікті кадрлар - кез келген ұйымның басты құндылығы. Б.Кәрімова университеттегі мамандар дайындаудың сапасына ерекше мән беріп, білім беру саласын одан әрі дамыту үшін атқарылып жатқан аса маңызды жұмыстарға тоқталды.

   Өз кезегінде депутат Бейбіткүл Кәрімова кітапханада орналасқан «Сәулет» бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау өткізетінін және сайлаушылардың аманаттарын орындауға барынша атсалысатынын мәлімдеді.





 

Вернуться назад