DataLife Engine > Жаңалықтар > Тоқтарәлі Таңжарықтың «Түн парақтары» кітабы бойынша онлайн поэзия кеші

Тоқтарәлі Таңжарықтың «Түн парақтары» кітабы бойынша онлайн поэзия кеші


9-12-2021, 12:07
Автор: akbota

   Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 9 желтоқсан күні Тоқтарәлі Таңжарықтың  «Түн парақтары» кітабы бойынша онлайн поэзия кеші ұйымдастырды.

   Тіршілікте исламды да, жүректегі шарпысқан махаббатты да қатар алып жүретін, философиялық мән мен мазмұнға толы өлеңдердің авторы - Тоқтарәлі Таңжарықтың алғашқы «Түн парақтары»  жыр жинағынан өмір мен өлім, ақ пен қара арпалысындағы сезімнің күңгірт бояулары шарпысқан өлеңдерінен үзінділер оқылды.





 

Вернуться назад