DataLife Engine > Жаңалықтар > «Тарихи тұлға тағылымы» атты дөңгелек үстел

«Тарихи тұлға тағылымы» атты дөңгелек үстел


12-01-2022, 11:47
Автор: akbota

    12 қаңтар күні «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында белгілі тұлғалардың өмір жолы мен еселі еңбектерін келер ұрпаққа насихаттау мақсатында – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай, «Тарихи тұлға тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

   Шараны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас ашып, қоғам қайраткерінің ел үшін жасаған игі істерінің маңыздылығын атап көрсетті.

  Аталмыш шараға экономика  ғылымдарының кандидаты, профессор  Қ.Құдайбергенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Уәйіс, философия ғылымдарының докторы Б.Қожамберліұлы, қоғам қайраткері С.Әбішұлы қатысты.

   Қатысушылар Дінмұхамед Қонаев билігі тұсындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен  даму жолдары,  саяси бағытының  дәйектілігін атап көрсетті.

  Шара барысында оқырмандар назарына документалды бейнебаян көрсетіліп,  «Ұлттың рухани ұстазы» атты кітап көрмесі ұсынылды.


 

 

Вернуться назад