DataLife Engine > Жаңалықтар > А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы» кітабына талдау

А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы» кітабына талдау


13-05-2022, 19:10
Автор: akbota

     13 мамыр күні облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым, ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оқу құралы» шығармасына талдау жасалды.

     Шара барысында үш бөлімінен тұратын «Оқу құралы» еңбегіне жеке-жеке талдау жасалып, мысал өлеңдерінен үзінділер жатқа оқылды.

    Шараға М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектебінің және Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Кәрібаева Айгүл Пернебайқызы, Әшірбекова Аягөз Тоқмырзақызы, Әбілханова Ақерке Егеубайқызы, Қосанова Марал Елгонқызы, Музарапшина Жұлдызай Маралбекқызы, Абдуллақызы Ұлжан қатысты.





 

Вернуться назад