DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ай мен Айша» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы

«Ай мен Айша» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы


2-09-2022, 11:10
Автор: akbota

       2 қыркүйек күні облыстық кітапханада халық жазушысы, әдебиетіміздің көрнекті өкілі Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай  «Ай мен Айша» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Шараға «Ұлағат» көпсалалы колледжі және Өркениет медициналық колледжі студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

    Шараның мақсаты:  сол заманғы тұрмысты Айшаның күнделікті күйбелең тірлігі арқылы оқырманға жеткізе білген Шерхан Мұртазаның шоқтығы биік «Ай мен Айша» шығармасындағы адамгершілік құндылықтарды насихаттау, идеялық-тақырыптық мәнін ашу, кейіпкерлер болмысын танытудағы жазушы шеберлігін таныту.

      Шара барысында  оқырмандар «Ұлт әдебиетінің абызы» атты көрмемен танысты.


Вернуться назад