DataLife Engine > Жаңалықтар > «Мықты көшбасшы – табысты жастар»

«Мықты көшбасшы – табысты жастар»


12-09-2022, 10:35
Автор: akbota

         12 қыркүйек  күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы жастарды  қолдау, көшбасшылық қабілеті жоғары, алға нақты мақсат қоя білетін тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында «Мықты көшбасшы – табысты жастар» атты кездесу ұйымдастырды.

     Шараға кәсіпкерлер палатасының маркетинг сұрақтары бойынша менеджер кеңесшісі Төлекова Айгүл Сағымбайқызымен «Өркениет»  және «Ұлағат» колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында оқырмандарға  «Кәсіпкерлікке жетелейтін жетістіктер» атты бейнеролик ұсынылды және табысты кәсіпкерлердің қызметте, бизнес саласында қол жеткізген жетістіктері мен іс-тәжірибесі туралы, оқу орнын бітірген жас мамандардың қызметке орналасуы, несие жеңілдіктері туралы ақпарат берілді. Оқырмандар жеке кәсіп бастау бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.


Вернуться назад