DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сиқырлы би әлемі» атты әдеби сазды кеш

«Сиқырлы би әлемі» атты әдеби сазды кеш


13-09-2022, 10:49
Автор: akbota

       13 қыркүйек күні қазақ би өнерінің негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың туғанына 110 жыл толуына арналған «Сиқырлы би әлемі» атты әдеби сазды кеш болып өтті.

       Би падишасы, қазақ би өнерінің ханшайымы Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Кәсіби  биші, педагог.   1936 жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып,  өзге халықты ұлттық би өнерімен таң қалдырған тарлан талант.

      Шара барысында өнерді өміріне серік еткен би саңлағының өмірі мен өнері жайында көп мәліметтер айтылды. Қазақ, өзбек билері орындалды. Көпшілік назарына «Алтынқорда» сақталған бишінің өз орындауындағы билерден ролик ұсынылды. Сонымен қатар «Сиқырлы би әлемі» атты кітап көрмесі дайындалды.


Вернуться назад