DataLife Engine > Жаңалықтар > Американдық жазушы, сценарист Сид Филдтің «Киносценарий» кітабына талдау

Американдық жазушы, сценарист Сид Филдтің «Киносценарий» кітабына талдау


14-09-2022, 11:18
Автор: akbota

     14 қыркүйек күні облыстық кітапханада «100 жаңа оқулық – заманауи білім бұлағы» тақырыбында американдық жазушы, сценарист Сид Филдтің «Киносценарий» кітабына талдау ұйымдастырылды.

      Сид Филдтің бұл кітабы жас мамандар үшін таптырмас оқулық. Автор идеядан бастап, оны өрбіту арқылы қалай толыққанды сценарий жазып шығуға болады деген сауалға жауап береді. Сонымен қатар бұл саланы меңгеру үшін туа бітті таланттың қажеті жоқ екеніне, ол кез келген адамның қолынан келетініне сендіреді. Шараға «Qosyl» Қызылорда  жастар орталығының маманы Ақтілек Темірбайұлы, Перовск «ПТК» командасының мүшелері, Кітап құрттары клубы, «Аслан балалар киностудиясының» директоры Жасұлан Алдаберген қатысты. Мамандар оқырмандардың кино әлемі, кейіпкер жасау, киносценарий жазу туралы сұрақтарына жауап берді.


Вернуться назад