DataLife Engine > Жаңалықтар > «Парызын өтеген перзент»

«Парызын өтеген перзент»


26-02-2015, 10:04
Автор: akbota
    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың 100 жасқа толуына байланысты,  еске алу кеші өткізілді.
    Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы қайраткер.  Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.
    Еске алу кешіне  «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері қатысып, Ж.Ташенов және Н.Хрущевтың арасындағы жерге қатысты жанжалдың көрінісін сомдады.
    Болашақ университетің «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш оқыту педагогикасы» кафедрасының доценті Гаухар Сәдуахасова Жұмабек Ташенов жайлы баяндама жасап, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

 



Вернуться назад