DataLife Engine > Жаңалықтар > «Бала жүрегіне қуаныш сыйлаймыз»

«Бала жүрегіне қуаныш сыйлаймыз»


18-03-2015, 16:25
Автор: akbota
Балалар әдебиеті бөлімі  18  наурыз күні   «Бала жүрегіне қуаныш сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық акциясының басты мақсаты: қайырымдылық, мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі қайырымдылық - мүдделі, қіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық  жасау. Өз халқының салт-дәстүріне негізделген адамдық асыл қасиеттерді ажырата біліп игеруге баулу; үлкенді құрмет тұтып, кішілерге қамқор бола білуге және қайырымды адамдардың өнегесін көпшілікке үлгі ету, оларға құрмет көрсету екендігін түсіндіру.  Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі Наурыз мерекесі - Ұлыстың ұлы күні қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін жаңғыртып қастерлейтін күн екенін түсіндіріп жеткізу, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату;
Мерекелік шараға Талсуат елді мекеніндегі облыстық балаларға арналған психоневрологиялық интернатында емделуші балалар, тәрбиешілер, №187  Мұстафа Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары, ұстаздар  қатысты.  Балалар ән айтып, би биледі,  №187 М.Шоқай атындағы орта мектептің дайындаған  мерекелік концертін тамашалады. Акция соңында кітапхана ұжымы  балаларға сыйлықтар үлестірді.

 



Вернуться назад