DataLife Engine > Жаңалықтар > «Тағылымды тарту»

«Тағылымды тарту»


13-04-2015, 10:54
Автор: kitap

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2015 жылдың 10 -23 сәуір аралығында «Ашық есік күні» аясында «Тағылымды тарту» - кітапханаға кітап сыйлау акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты - кітапхана қорын толықтыру, қала тұрғындарын, әсіресе жастарды кітап оқуға үндеу.

Акцияға жаңа басылымдармен қатар, қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми, көркем басылымдар қабылданады.

Біз аса зор қуанышпен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 2005 жылдан ерте емес басылымнан шыққан, университет бағдары бойынша заманауи отандық және шетелдік оқу және ақпараттық басылымдарды, көркем әдебиеттерді, ноталық басылымдарды, CD және DVD таспаларын қабылдаймыз. Сіздер сыйға тартқан әрбір басылым – маңызды, өйткені ол сол кітаптың ғұмырын созуға, кітапханаға көмек беруге және біздің оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Сіздерді акцияға қатысуға шақырамыз!

Акция қорытындысы кітапхана сайтында жарияланады.


Вернуться назад