DataLife Engine > Жаңалықтар > «iMektep, iTest және Bilimland» порталдарының жаратылыстану бағытындағы білім беру ресурстарын онлайн пайдалану" - вебинар

«iMektep, iTest және Bilimland» порталдарының жаратылыстану бағытындағы білім беру ресурстарын онлайн пайдалану" - вебинар


6-05-2015, 16:16
Автор: akbota

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен «Bilim Media Group"компаниясы 2015 жылдың 6 мамыр күні сағат 11.00-де «iMektep, iTest және Bilimland» порталдарының жаратылыстану бағытындағы білім беру ресурстарын онлайн пайдалану"тақырыбында вебинар ұйымдастырды.

   Порталдың бастауыш мектеп бағдарламасы, ҰБТ-ға дайындық және интерактивті курстар бағдарламаларына қолжетімділік облыстық кітапханада ақысыз түрде жүзеге асырылады.

   Аталған шараға химия, биология, математика, физика, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Дербес білім беру үйымы Bilim Media Group компаниясының мамандары интернет-ресурстарды қолдану мүмкіндіктерімен, сайт навигациясымен, қолдану жолдарымен таныстырды.Ұстаздардың өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап табуға, үш тілде ұсынылған BilimLand ресурстарының қыр-сырларын жетік білуге мүмкіндік жасалды. Сонымен бірге ресурстарды қолдану статистикасы сөз болып, жұмысты жақсарту, серіктестікті нығайту жолдары талқыланды

  Білім кеңістігіндегі түрлі онлайн ресурстар оқушылардың білім алуға құштарлығын еселей түсіп, биіктерден көрінулеріне көмектесетіні сөзсіз.


 



Вернуться назад