DataLife Engine > Жаңалықтар > «СПИД- ғасыр тажалы»

«СПИД- ғасыр тажалы»


4-11-2015, 17:51
Автор: akbota

      Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012–2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы  аясында  «СПИД- ғасыр тажалы»  атты дәріс сабақ болып  өтті.

         Мақсаты - СПИД туралы  жастарға кеңінен ашып көрсету, салауатты өмір сүре білуге  тәрбиелеу, шылым шегудің, солардың салдарынан туатын аурулар туралы жастардың білімдерін жетілдіру, СПИД-тің адам өміріне  зиянды әсерін аша отырып, қазіргі таңда атының өзі қорқыныш шақыратын қауіпті ауру жер шарында миллиондаған адамдардың өмірін қиып отырғанын ұғындыру.

          Осы іс-шараға шақырылған «СПИД-тің алдын алу және оған  қарсы күрес жөніңдегі облыстық орталығы», облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және «Жастар деңсаулық орталығы» мамандары, осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын-алу және емдеу тәсілдері жайында біраз мағлұмат берді.

        Мамандар жастарға дұрыс тәрбие беруге, білімге, еңбексүйгіштікке олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет екендігін айтты.

            Дәріс сабақ барысында есірткі және ішімдіктің нашақорлықтың, азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру, мақсатында өткізілген іс-шараға белсене қатысқан, «Өркениет» медициналық және Қызылорда «Ұлағат» колледж студенттері СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлері туралы слайд және «СПИД-ғасыр дерті» кітап көрмесімен танысты.

             Студенттерге «Нашақорлықтың адам өміріне зияны»,туралы буклеттер таратылды.



Вернуться назад