DataLife Engine > Жаңалықтар > «Алтын күнді қондырып қанатына, Қазақ елі самғайды болашаққа»

«Алтын күнді қондырып қанатына, Қазақ елі самғайды болашаққа»


17-12-2015, 17:16
Автор: akbota

   Егемендігімізді ел танып, Тәуелсіздігімізді тәу еткелі биыл жиырма төрт жыл толып отыр. Осынау кезеңдер ішінде жеткен жетістіктеріміз бен бағындырған белестеріміздің арқасында қазақ елін әлем мойындап, төрткүл дүние толықтай таныды. Осы ұлық мерекеге орай «Алтын күнді қондырып қанатына, Қазақ елі самғайды болашаққа» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мақсатымыз жас ұрпақты Тәуелсіз елін шексіз сүюге, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елінің, түрлі ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу. Өз ұлтының салт – дәстүрін, дінімен ділін, тілін қастерлей білуге баулу.

    Мәдени шараға №212 мектеп – гимназиясының оқушылары белсенді қатысты. Тәуелсіздік, Отан туралы патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 


 



Вернуться назад