DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қош келдің, Жаңа жыл!»-мерекелік ертеңгілік

«Қош келдің, Жаңа жыл!»-мерекелік ертеңгілік


29-12-2015, 09:38
Автор: akbota
    Ә. Тәжібаев  атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 29 желтоқсан күні «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өткізді. Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл күйін тудыру, шыршаның әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту. Мерекелік кеште  №264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының және балалар әдебиеті бөлімінің «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының белсенді мүшелері қатысып өз өнерлерін көрсетті. Балалар шырша жанында би билеп, домбырады күй шырқап, жаңа жылға арналған әндер орындап,  тақпақтар айтты.  Балалар  кітапханашылар дайындаған ойындар ойнап,  жұмбақтар шешті. Ертеңгілікке №7, 12, 101,233 орта мектептердің оқушылары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 


 




Вернуться назад