DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жемқорлықпен күрес - жалпыхалықтық іс» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

«Жемқорлықпен күрес - жалпыхалықтық іс» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.


25-03-2016, 18:29
Автор: akbota

       2016 жылдың 25 наурызында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясат: жаңа басымдықтар» тақырыбында өткен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Жемқорлықпен күрес - жалпыхалықтық іс» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

       Көрмеге Н.Төлепбергенұлының «Жемқордың жеткен жері» кітабы, ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күресі» туралы заңдар мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар және кітаптардың тізімдері енген «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті індет» атты әдебиеттердің ұсыныстық тізімі, С.Кемелбековтің «Сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамында көзделген бағалылық белгілері» атты оқу құралы, публицист Ж.Құлиевтың «Шындық –жалғыз, сұмдық- мың» кітабы, Е.Алаухановтың «Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика» оқулығы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Қазақстан Республикасының заңы, А.Смағұловтың «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары» атты оқу құралы, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, И.Борчашвилидің «Коррупционные преступления», Е.Алауовтың «Проблемы правовой борьбы с вымогательством» монографиялары т.б. көптеген кітаптар мен мерзімді басылымдардан мақалалар қойылды.


 




Вернуться назад