DataLife Engine > Тәжібаев оқулары > «Тәжібаев оқулары» апталығының салтанатты ашылуы

«Тәжібаев оқулары» апталығының салтанатты ашылуы


2-02-2016, 13:01
Автор: akbota

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқу залы секторының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 2 ақпанында «Тәжібаев оқулары» апталығы салтанатты түрде ашылды.

     Жыл сайын өткізілетін апталықтың мақсаты: Ә.Тәжібаевтың осы өңірден шыққанын таныстыра отырып, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, жастарды білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.

     Іс – шарада Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп - лицейінің мұғалімі Н.Нұрымова сөз сөйлеп, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждінің студенттері ақынның өлеңдерін оқыды.

     Келген қонақтарға «Сырда туған Сырдың ұлы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.


 

 





Вернуться назад