DataLife Engine > --- > БЕКМАХАНОВ ИБРАҺИМ

БЕКМАХАНОВ ИБРАҺИМ


20-04-2015, 17:54
Автор: akbota
     1951 жылы 22 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылдық кеңесінде туған. 1981 жылы  ҚазМУдің журналистика факультетін тамамдаған.

     Еңбек жолын 1968 жылы аудан орталығындағы №26 қазақ орта мектебін аяқтаған соң Чапаев атындағы  колхозда (қазір «Ақтөбе» ұжымшары) колхозшы болудан бастаған. 1969–1970 жж. киномеханик болған. 1973  жылы шоферлық курста оқып, 1974 жылы Қармақшы аудандық мәдениет бөлімінде шофер-механик болып жұмыс  істейді. 1974 жылы Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде корректор, радиохабарын  ұйымдастырушы, аға тілші, 1979–1984 жж. Қармақшы аудандық атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің  меңгерушісі, парткомның нұсқаушысы болып жұмыс істеген. 1984–1988 жылдар аралығында Торғай облыстық  «Торғай таңы» газетінде тілші, аға тілші, 1988 жылы Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газетінде тілші, мәдениет,  ауылшаруашылығы бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

     Қаламгердің бірнеше ұжымдық кітаптарға өлеңдері енген. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы жанындағы «Аққұс» шығармашылық бірлестігінен «Шапағат» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. Сыр бойының атақты жырауы Тұрымбет Салқынбаевтың «Талайды таңырқатқан жырау едім» атты жинағын (1992) шығарған.

 

Əдебиеттер:


  Бекмаханұлы И. Жарық сəуле: Өлеңдер мен толғаулар, дастандар /Жауапты ред.

  Б.Кəрібозұлы. – Астана: Фолиант, 2008. – 384 б.- (Сырдария кітапханасы).

  Бекмаханұлы И. Жүрегімнің шуағы: Өлең, толғаулар мен дастандар. – Алматы: Қазығұрт, 2011. – 144 б.

  Бекмаханұлы И. Шапағат: Өлеңдер. – Алматы, 1994. – 98 б.

***

  Бекмаханов Ибраһим //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 96-97 б.

  Дастанов А. Шабыт белесінде: Сыр перзенті ИбраһимБекмаханұлы «Жыл ақыны» атанды //Сыр бойы. – 2006. – 11 қазан

  Дүйсенұлы Р. Ұрпағына оралған батыр: Сыр тумасы, белгілі ақын Ибрагим Бекмаханұлының "Арыстанбай батыр" атты жаңа жыр жинағы жарық көрді /

  Р. Дүйсенұлы //Сыр бойы.- 2012. - 3 сəуір. - 4 б.

  Жаңа кітап: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ибрагим Бекмаханұлының "Тұрымбет жырау" деп аталатын жаңа кітабы жайлы//Қармақшы таңы.- 2012. - 15 қараша. - 5 б.

  Жаңа кітап: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ибрагим Бекмаханұлының "Арыстанбай батыр" атты жаңа кітабы жайлы//Қармақшы таңы.- 2012. - 30 қараша. - 5 б.

  Жарылқасынов А. "Тəуелсiздiк тəттi ұғым: Ақын И.Бекмаханұлының "Жүрегiмнiң шуағы" атты жинағы туралы // Түркiстан.- 2011. - 1 желтоқсан (№ 48). - 8 б.



Вернуться назад