DataLife Engine > --- > БЕКМҰРАТҰЛЫ СӘРСЕНБЕК

БЕКМҰРАТҰЛЫ СӘРСЕНБЕК


20-04-2015, 17:56
Автор: akbota
      Ақын Сәрсенбек Бекмұратұлы 1949 жылы Шиелі ауданының Еңбекші ауылында дүниеге келген. №45 «Ақ  Орда» мектебін, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1967-1985 жылдары  аудандық «Өскен өңір» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды. 1985  жылдан Алматы облыстық «Жетісу» газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметін  атқарды. 1989 жылдан Республикалық Қазақ радиосында комментатор, бөлім меңгерушісі, «Шалқар» ұлттық  бағдарламасында редакция меңгерушісі болып қызметтер атқарған. 2005 жылдан ұлттық салт-дәстүрді  насихаттайтын «Жұрағат» журналын шығарысып (2007 жылға дейін бас редакторы, қазір кеңесшісі) келеді.

      Бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар қызмет атқара жүріп, өлең жазуды да жанына серік етеді.  «Жалын» баспасынан әр жылдары жарық көрген «Балауса», «Дария жыры» және «Қарлығаш» жыр  жинақтарына топтама өлеңдері енген. 1986 жылы «Қайнар» баспасынан «Малды ауылдан өрендері» атты  деректі повесі, 1991 жылы «Жан жұпары» жыр жинағы жарық көрді. Көркем очерктерінің басын құраған «Ел перзенттері» атты қос кітабы баспадан шықты. Қазақстанның «Құрметті Журналисі» атағын алған, 2012 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

 

Əдебиеттер:


   Бекмұратұлы С. Жан жұпары: Өлеңдер мен поэма /С.Бекмұратұлы.- Алматы: Жалын, 1991.- 144 б.

***

  Ақиық ақын 60-та!: Ақын Сəрсенбек Бекмұратұлы //Өскен өңір.- 2009.-20 мамыр. Дүйсенбаев Е. Əбділдадан бата алған: Ақын Сəрсенбек Бекмұратұлы туралы //Сыр бойы.- 2009.-27 маусым; Алматы ақшамы.- 2009. - 23 маусым (№74). - 11 б.

  Жерлесіміз - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Қаламы қарымды ақын, журналист Сəрсенбек Бекмұратұлы Қазақстан жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды //Өскен өңір.- 2012. - 28 мамыр. - 1 б.

  Қырғызбаев Ө. Аға газет арманын ұштаған қаламгер қырық жылдан бері қаламын қару етіп келеді: Журналист, ақын Сəрсенбек Бекмұратұлы туралы / Ө.Қырғызбаев // Егемен Қазақстан.- 2009.-27 маусым.-7б.

   Мəди А. Қолбасшының  қолынан  алғыс  алған: Журналист  Сəрсенбек  Бекмұратұлы 60-қа толды // Айқын.- 2009.- 3 шiлде (№120).- 5 б.

   Шыныбеков Ж. Сыннансадақ тартқан...: ЖазушыСəрсенбек Бекмұратұлы жайында // Алаш айнасы.- 2009.- 3 қазан (№ 173).- 3 б.

 



Вернуться назад