DataLife Engine > --- > БОДЫҚОВ ОРАЗБЕК

БОДЫҚОВ ОРАЗБЕК


20-04-2015, 18:03
Автор: akbota
       1927 жылы 29 наурызда Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Н.Бекежанов ауылында туған. Еңбек жолын  республикалық жастар газетінен бастаған. Кейін «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда» газеттерінде,  Республикалық қуыршақ театрында, Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған. Шығармаларын қазақ және  орыс тілдерінде жазған.

    Алғашқы әңгімесі 1950 жылы «Жас аңшы» деген атпен «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында  жарияланды. Оның «Қанат аспанда қатаяды», «Ақ құс», «Өмір жолдары», «Жұрт туралы жыр», «Шәмші Қалдаяқов»  атты роман-повестері, «Отырар ертең қирайды», «Қорқыт», «Жекпе-жек», «Жүрегімнен сұраңдар», «Мұқағали  Мақатаевтың соңғы әні» атты драмалық шығармалары жарық көрген. Пьесалары Қазақстан және одақтас  республикалық театрларының саханаларында қойылды. А.Тоқмағамбетовтің «Әке мен бала» романын орыс тіліне  (1978), В.Смирнова-Ракатаның «Авиценна» романын қазақ тіліне аударған (1986).

 

Əдебиеттер:


  Бодықов О. Ақ құс: Повестер мен əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1984. – 352 б. Бодықов О. Жайдарман: Роза Бағланова туралы деректі повесть. 2-ші толық басылуы /Пікір жазған О.Əбілдаев. – Алматы: Өнер, 1993. – 176 б.

  Бодықов О. Шəмші Қалдаяқов: хикаяттар / О.Бодықов.- Алматы: Шабыт»баспасы-

«Дəуір», 1992.- 112 бет.

***

  Бодықов Оразбек //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 133 б.

  Бодықов Оразбек //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 104-105 б.

  Бодықов Оразбек //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 85б.

  Бодықов Оразбек //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 144-145 б.

  Бодықов Оразбек Еңсенi езген - ел тағдыры: [Белгiлi жазушы-драматург пен Қазақстан Жоғарғы Кеңесi депутатының заман, адам, қоғам, əлеуметтiк жағдайлар жайында сұхбаты] // Қазақ əдебиетi.- 1994. - 30 қыркүйек.- 10-11 б.

  Драматург-жазушы Оразбек Бодықов: Қазанама // Қазақ əдебиетi.- 1997. – 9 қыркүйек (N36). - 15 б.

 Оралбай Ə. Маусымның биiк межесi: Ақтөбе обл. драма театрындағы драматург О.Бодықовтың "Ит өлiм" атты қойылымы / Реж. М.Бақытжанов // Егемен Қазақстан.- 1996. - 27 қараша


 


Вернуться назад