DataLife Engine > --- > КҮМІСБАЕВ ӨТЕГЕН

КҮМІСБАЕВ ӨТЕГЕН


22-04-2015, 16:00
Автор: kitap

  1939  жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, аудандық газетте әдеби қызметкер болып істеген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1963-1969 жж. Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде қызметкер, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеді. 1969-1974 жж. Мәскеудегі КСРО ҒА-ның Шығыстану институтында оқып, осы институттың аспирантурасына түскен. 1974 жылы «Тұрмағанбет Ізтілеуов» және оның «Рустем – Дастаны» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1974 жылдан Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, Қазақ ұлттық университетінде оқытушы қызметтерін атқарған. Филология ғылымдарының докторы.

Оннан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптардың авторы. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 жылы жарық көрген. «Алақан» (1966), «Менің кішкентай үйрегім» (1967), «Жапырақтар түсіп жатыр» (1969),  «Ақ Шолпан» (1971), «Ақбота» (1974), «Ауылдан шыққан жол» (1975), «Горный кумыс» (1976), «Екі перне» (1980), «Тіршілік тоқтамайды» (1982), «Степная рапсодия» (1983), «Ортақ арна» (1985), «Ауғанстан достық құшағында» (1988), «Гүлсана бағы» (1989), «Польша перзенті» (1997,2010), т.б. кітаптары жарық көрген. 2008 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясымен екі томдық шығармалары жарық көрді.

   Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке жинақ болып шықты.  «Солидарность», «Литература и ты», «Мы -молодые» секілді Мәскеуде шыққан жинақтарда басылған, шет елдер тіліне аударылған. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсари Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» өлең-поэмалар (1987) кітабын, орыс тілінен Р.Ғамзатовтың, Вс.Рождественскийдің, Қ.Кулиевтің, Явухулан өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Поляк революционері Янушкевич жөнінде роман жазған. Өлеңдер топтамасы «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына, «Қайталанбас дауыстар» Сыр саңлақтарының антологиясына енген. Шығыс және қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар» (2009), «Абай және Шығыс» (1995),  «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1977), т.б. монографиялары бар. 500-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Ресей академиясының шығыстанушылар ассоциациясының мүшесі.


Әдебиеттер:      

Күмісбаев Ө. Ақ шолпан: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1971. – 87 б.

Күмісбаев Ө. Ақбота: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1974. – 71 б.

Күмісбаев Ө. Алақан: Өлеңдер. – Алматы, 1966. – 95 б.  

Күмісбаев, Ө. Алтын қазық [Мәтін] : зерттеулер мақалалар / Ө. Күмісбаев. – Алматы : Қайнар, 2012. – 512 бет  

Күмісбаев Ө.  Ауғанстан достық құшағында /Ө.Күмісбаев.- Алматы: Қазақстан, 1988.- 168 б.

Күмісбаев Ө. Ауылдан шыққан жол: Әңгімелер. – Алматы, 1975. – 176 б.

Күмісбаев Ө. Екі перне / Ө.Күмісбаев.- Алматы: Жазушы, 1980.- 156б.

Күмісбаев Ө. Жапырақтар түсіп жатыр: Повесть және әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1969. – 92 б.

Күмісбаев Ө. Ортақ арна: Әдеби-сын мақалалар. / Ө.Күмісбаев.- Алматы: Жазушы, 1985.- 176б.     

Күмісбаев, Ө. Тұңғыш кітап [Мәтін] / Ө. Күмісбаев.- Алматы: Көркем өдебиет баспасы, 1964.- 52 бет.

Күмісбаев Ө. Тіршілік тоқтамайды: Повестер, әңгімелер. / Ө.Күмісбаев.- Алматы: Жазушы, 1982.- 176 бет.

Күмісбаев Ө. Шығармалары. Екі томдық / Ө.Күмісбаев; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы. - Астана: Фолиант, 2008.- (Сырдария кітапханасы)       

Күмісбаев Ө. Шығыс шайырлары: Шығыс ақындары поэзиясының антологиясы / Ө.Күмісбаев; Ред. Күлімбетов Ә.- Алматы: Қазығұрт, 2011.- 224 б.

Күмісбаев Ө.  Шығыс Шайырлары: Бес томдық / Ө. Күмісбаев.- Алматы: Дәуір, 2015.

***

Күмісбаев Өтеген //Жыр маржаны: Қазақ поэзиясының антологиясы : 10 томдық /құраст.: М.Құлкенов, Г. Мұқышева. – Алматы : Мерекенің баспалар үйі, 2014. –4-том.- 330-336 бет.

Күмісбаев Өтеген //Қайталанбас дауыстар. Сыр саңлақтарының антологиясы =Неповторимые голоса. Антология мастеров Сырдарьинского региона. - [Қызылорда?]:[Б.б.], 2011. – 77 б.                     

Күмісбаев Өтеген Күмісбайұлы //Қазақ әдебиеті Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна, 2005. – 279 бетте.

Күмісбаев Өтеген //Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004. – 168 бетте.

Күмісбаев Өтеген //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 212 б.

Күмісбаев Өтеген //Қазақстанның көркем әдебиеті: Библиографиялық көрсеткіш /ҚР Ұлттық кітапханасы: Құраст.: А.Нұрсейітова, Ә.Сәйдембаева; Алғы сөзін жазған: С.Қирабаев.- Алматы: Мектеп, 2008. – 1-кітап.- 260-262 б.

Күмісбаев Өтеген //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 318-319 б.  

Күмісбаев Өтеген Нұржанұлы //Оразаев Ф. Қазақ әдебиетін зерттеушілер: Өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық . - Алматы: Рауан, 1991.- 162-164 б.

Күмісбаев Өтеген //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. –  272 бетте 

Дайрабай Т. Өтеген Күмісбаев //Дайрабай Т. Сыр перзенттері. – Алматы: Арыс, 2010. – 183-184 б. 

Алдамжаров Б. Сүлейлер сөзiн сезiнген: Шығыс әдебиетiн зерттеушi Ө.Күмiсбаев туралы // Лениншiл жас.- 1986.- 19 июнь

Ардақты азамат, білікті ғалым еді... [Мәтін] : қазанама // Ана тілі. – 2016.- 30 маусым - 7 шілде (№ 26).- 10 б.
Ақын, шығыстанушы-ғалым Өтеген Күмісбаев өмірден озды.

Байтақов Е. Ақыл жастан, асыл тастан: Шығыс әдебиетiн зерттеушi, ақын, аудармашы Ө.Күмiсбаевтың творчествосы туралы // Қазақстан мұғалiмi.- 1984.- 8 июнь 

Бекниязов Т. Қалам қарымы: Ақын Ө.Күмісбаев 50  жаста / Т.Бекниязов // Ленин жолы.- 1989. – 20 май

Дербісәлі, Әбсаттар қажы. Жаны ақын, асылдардың көзі еді...: қазанама /Ә.қ. Дербісәлі // Қазақ әдебиеті. – 2016.- 1 - 7 шілде (№ 27).- 11 б.
Ақын, шығыстанушы-ғалым Өтеген Күмісбаев дүниеден өтті.

Жақсылықов, А. Шығыстанудағы құнды қазыналы еңбек: [Әдебиеттанушы ғыл. Ө.Күмісбаевтың "Араб-парсы және қазақ әдебиетінің байланысу мәселелері" (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) атты моногр. туралы] / А. Жақсылықов // Алматы ақшамы. – 1998.- 11 қараша

Жарылқасынов Р. Білгір тіл маманы, білікті ұстаз //Қармақшы таңы. – 2007. – 13 қаңтар

Жұбатова, Баян.Тағылымды ұстаз, ақылшы аға еді... : қазанама / Б. Жұбатова // Қазақ әдебиеті. – 2016.- 1 - 7 шілде (№ 27).- 11 б.

Жұбатырұлы, С. Әлем әдебиетіне алтын арқау еді: қазанама / С. Жұбатырұлы// Қазақ әдебиеті. – 2016.- 1 - 7 шілде (№ 27).- 11 б.

Күмiсбаев Ө. "Мен үшiн бәрi таңсық едi...": [Әдебиетшi ғалымның өз өмiрiнен қысқа әңгiмелерi / Дайын. С.Дәрiбай] // Заман-Қазақстан.- 1998.- 31 желтоқсан (N1).- 4 б.

Күмісбаев Ө.  Омар Хаям риза болып өлді ме, риза болмай өлді ме?: Шығыстанушы ғалым Ө. Күмісбаевпен сұхбат / Сұхб. Н.Аманжол  // Айқын.- 2008. – 12 сәуір

Күмісбаев Ө.     Хаққа жол іздеуіме Шығыс шайырлары  себепші болды: Шығыстанушы ғалым, проф. сұхбат /Сұхб. Т.Тәшенов // Айқын.- 2009. – 1 тамыз. – 3 б.

Қыдыр, Төрәлі. Ұстаз рухына тағзым: қазанама / Т. Қыдыр // Қазақ әдебиеті. – 2016.- 1 - 7 шілде (№ 27).- 11 б.

Орда Г. Сегiз қырлы, бiр сырлы : Ақын, ғалым Ө. Күмiсбаев жайында // Қазақстан мұғалiмi.- 2009. - 27 наурыз (№5/6).- 6 б.

Өтеген Күмісбайұлы Күмісбаев: қазанама // Егемен Қазақстан. – 2016.- 28 маусым(№ 122).- 9 б.

Өтеген Күмісбайұлы Күмісбаев // Алматы ақшамы. – 2016.- 28 маусым (№ 77).- 9 б.        

Өтеулiұлы Ө. Шығыс шайырларының жақұт жырлары: Филология ғылымдарының докторы Ө.Күмiсбаевтың "Шығыс шайырлары" атты жинағының жарыққа келуi //Алматы ақшамы. - 2011. - 26 қараша (№139). - 14 б.

Сапарбаев И. Уақыт елегiнен өтер өлең...: Ақын Ө.Күмiсбаевтың өлеңдерiне сын// Қазақ әдебиетi. - 1984. - 20 янв.

Сыдықов Т. Өтегеннiң "Өтегенi": [Жазушы Өтеген Күмiсбаевтың шығармашылығы туралы] //Алматы ақшамы. - 1999.- 1 ақпан

Сыдықов Т. Сахара сырын аралай бiлген: [Жазушы Ө.Күмiсбаевтың "Польша перзентi" атты романы туралы] // Қазақ Елi.- 1997. - 30 мамыр (N21). - 6 б.

Сыдықов, Т. Халқымыздың қадірін таныған [Мәтін] : [Ө.Күмісбаевтың поляк халқының әдебиетші, тарихшы, ғалым Адольф Янушкевич туралы жазған "Польша перзенті" атты кітабы туралы] / Т. Сыдықов // Қазақстан мектебі. – 1998. - N 4.- 39-42 б.

Тебегенов, Т. Талант пен таным [Мәтін] / Т. Тебегенов // Қазақ әдебиеті. – 2009. -15-21 мамыр (№ 19).- 1,11 б.

Қаламгер Ө.Күмісбаев -70 жаста.

Тебегенов Т. Талант пен таным жемісі:  Қаламгер  Өтеген Күмісбаев туралы / Т.Тебегенов // Сыр бойы. - 2009. - 21 наурыз    

Тілепов, Жұмат. Есімі елімен бірге өмір кешпек : қазанама / Ж. Тілепов// Қазақ әдебиеті. – 2016.- 1 - 7 шілде (№ 27).- 11 б.

 "Шығыс шайырлары" [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. – 2016.- 20 - 26 мамыр (№ 21).- 5 б.
Шығыстанушы-ғалым Ө. Күмісбаевтың "Шығыс шайырлары" деген атпен бес томдығы жарық көрді. 




Вернуться назад