DataLife Engine > --- > СӘДІБЕКҰЛЫ АЙЖАРЫҚ

СӘДІБЕКҰЛЫ АЙЖАРЫҚ


23-04-2015, 14:45
Автор: akbota

 

    1939 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, «Қармыс» елді мекенінде туған. Н.В.Гоголь атындағы пединституттың филология факультетін бітірген. 
    1966–1971 жж. аудандық «Жаңадария» және «Сырдария» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1972–1997 жж. облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің еңбекші хаттары, совет құрылысы, партия тұрмысы, саясат және қоғам бөлімдерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі және редколлегия мүшесі, 1993–2000 жж. республикалық «Сұхбат» және халықаралық «Түркістан» саяси газеттерінің Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

    Тұңғыш әңгімесі облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған. «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Жүректегі жауһарлар», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Жұмыр жерде біз бармыз» атты кітаптардың авторы.

   А.Сәдібекұлы 2 мәрте «Облыстың үздік журналисі» (1992 және 1996 ж.) құрметті атағының иегері, шығармашылық конкурстардың бірнеше дүркін жүлдегері.

     Облыстық партия және комсомол комитеттерінің, кәсіподақтары облыстық советінің Құрмет грамоталарымен, «Жеңістің ХХ жылдығы», «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен және 1987 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен марапатталған. Қызылорда қаласы Әкімінің және облыс Әкімі мен Мәслихатының Құрмет Грамотасын, Республика Президентінің «Алғыс хатын» алған. Облыс Әкімінің 2003 жылғы, 2009 жылғы стипендиаты.

 

 

 

Əдебиеттер


  Сəдібекұлы А. Аққұмның ақ түндері: повесть,триптих,əңгімелер / А.Сəдібекұлы.- Қызылорда: Тұмар, 2001.- 372 б.

  Сəдібекұлы А. Ашық мұхитқа шыққан алып /А.Сəдібекұлы.-Қызылорда: Тұмар, 2006. – 272 б.

  Сəдібекұлы Айжарық. Бал айы: Əңгімелер мен повесть / А.Сəдібекұлы.- Алматы: Қайнар, 2006.- 304 б.

  Сəдібекұлы А. Дарияның тұмасынан жыр боратқан: Əдеби сын мақалалар, рецензия, эссе, естелік, сұхбаттар /А.Сəдібекұлы; Пікір жазған: А.Сақыпұлы. -Алматы: Arna-b, 2012.- 280 бет.

  Сəдібекұлы А. Жұмыр жерде біз бармыз: Повесть,əңгімелер деректі хикаялар / А.Сəдібекұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 432 б.- (Сырдария кітапханасы) Сəдібеков А. Көктемін күткен қызыл гүл. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 224 б.   Сəдібекұлы А. Шұғыла шуағы: Очерктер мен толғаныс толқындары/ А.Сəдібекұлы.- Алматы: ARNA-B, 2011.- 272 бет.

  Сəдібекұлы Айжарық: [Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар. Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы / Құраст.К.Сағымбайұлы – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 170 б.

  Сəдібекұлы Айжарық //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 346 б.

  Кəрібозұлы Б. Туған жер жайлы толғаныс: А.Сəдібекұлының «Аққұмның ақ түндерін» оқығаннан кейінгі ой //Кəрібозұлы Б. Ыждағат. – Астана: Фолиант, 2008. – 316- 319 б. – (Сырдария кітапханасы)

  Кəрібозұлы Б. Туған жер жайлы толғаныс: А.Сəдібекұлының «Аққұмның ақ түндерін» оқығаннан кейінгі ой //Кəрібозұлы Б. Беталыс:Əдеби зерттеулер, мақалалар. – Алматы: Арыс, 2005. – 176-179 б.

  Шағырұлы Б.Айжарық досқа //Шағырұлы Б. Қара шаңырақ:Өлеңдер, толғаулар,баллада мен дастандар. – Астана: Фолиант, 2008.– 100-101 б. – (Сырдария кітапханасы)

  Айжекеңнің алтын көпірі: Белгілі қаламгер Айжарық Сəдібекұлының "Шұғыла шуағы" атты жаңа кітабы жайлы //Сыр бойы.- 2011. - 24 мамыр

  Ақпапов Қ. Ақ айдындай Айжағаң //Сыр бойы. – 1997. – 15 сəуір

  Данабаев Қ. Көк теңіздің күмбірі: Айжарық Сəдібековтың «Аққұмның ақ түндері» атты кітабы туралы сыр //Сыр бойы. – 2003. – 25 қаңтар.

  Дүйсенұлы Р. Тұма жырдың көрмесі: Белгілі жазушы Айжарық Сəдібековтің "Дарияның тұмасынан жыр боратқан" деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді / Р.Дүйсенұлы //Сыр бойы.- 2012. - 29 наурыз. - 4 б.

  Жанай Р. Тақырыбын тапқан қаламгер: А.Сəдібекұлының "Бал айы" кітабы жəне қаламгер шығармашылығы туралы / Р.Жанай //Сыр бойы.- 2008.-29 сəуір

  Кəрібозұлы Б. Азаматтық айдын, суреткерлік даралық: Журналист- жазушы Айжарық Сəдібекұлы 70 жаста / Б.Кəрібозұлы //Сыр бойы.- 2011. - 1 қаңтар - 5 б.

  Кəрібозұлы Б. Ақыл айтпайтын, сезімді тербейтін шығарма: А.Сəдібекұлының шығармашылығына / Б.Кəрібозұлы //Таң-Шолпан.- 2010.-№2.-110-119 б.

  Рахымбеков Ə. Айжарық: эссе /Ə.Рахымбеков //Сыр бойы. - 2009. - 12 желт. – 5 б. Рүстем Д. Ашық мұхитқа шыққан алып:Жазушы-журналист Айжарық

  Сəдібекұлының кітабы жарық көрді / Д.Рүстем //Сыр бойы.- 2007. - 26 сəуір Сақтапберген Н. Қарымды қаламгер, парасатты жазушы: Жазушы-журналист

  Айжарық Сəдібекұлының 70 жылдық мерейтойы //Ақмешіт апталығы.- 2010. - 18 қараша.Шағыр Б. Сөз зергері: А.Сəдібекұлына арналғанөлең//Сыр бойы. – 2000. – 29 маусым.


 


Вернуться назад