DataLife Engine > --- > СӘРСЕНБАЙ ОРАЗБЕК

СӘРСЕНБАЙ ОРАЗБЕК


23-04-2015, 14:53
Автор: akbota

     1938 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңа тұрмыс ауылында туған. Жазушы, ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1962). 1964-1995 жж. мектепте мұғалім, «Жас Алаш» газетінде, «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жазушы» баспасының бас редакторы (1987-1993), «Өнер» баспасының директоры (1993-1995) қызметтерін атқарған. 1996 жылдың басынан куні бүгінге шейін О.Сәрсенбай "Қайнар" баспасының бас директоры.

      Алғашқы жинағы «Даңқ» деген атпен 1965 жылы жарық көрген. Жазушы О.Сәрсенбай осы уақытқа шейін 20-дан астам жеке кітаптар бастырған. Оның әдеби сын, көркем публицистика, тарих, мәдениет, философия саласындағы жарияланымдары оқырманға кеңінен таныс. Сондай-ак ол баспагер және аудармашы ретінде ислам әдебиетін қалың оқырмандар арасында тарату ісінде елеулі еңбек етіп келеді. "Құран Кәрім", "Мухаммед пайғамбарымыздың хадистері", "Шайтаннан сактану жолдары", "Сыйқырдан сақтану және емделу жолдары", "Адал мен арам", "Мұсылмандық әдеп сабағы", т.б. ондаған кітаптарды қазақшаға аудару ісіне тікелей қатысты. Жазушының жеке шығармалары украин, орыс, эстон, якут, марий, тува, венгер, қытай, корей, ағылшын, өзбек, қырғыз, татар т.б. тілдерге аударылған.
     Оразбек Сәрсенбай негізінен бүгінгі заман тақырыбына қалам тартып келе жатқан суреткерлеріміздің бірі. "Шамшырақ" (1990), "Шеңбер" (1998) романдары кешегі социализм заманында өмір сүрген ұрпақтың басынан өткерген қилы-килы тағдырын сөз еткен нағыз көркем, кестелі туындылар ретінде әдебиетіміздің алтың қорына қосылған дүниелер болды.
    Оның "Уәде" атты повестер мен әңгімелер жинағына Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы (1987), "Шамшырақ" романына халықаралық "Алаш" сыйлығы (1994) берілген. О.Сәрсенбай әңгімесі негізінде «Долана» атты көркем фильм (режиссер С.Нарымбетов) түсірілген (1981). "Шеңбер" романы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алған (2000). ҚР Президентінің Жарлығымен "Құрмет" орденімен (2000) марапатталған. "Қазақстан Республикасы баспа және полиграфия ісінің қайраткері" (2004) атағы бар.
 
 

Əдебиеттер


   Сəрсенбаев О. Екі томдық таңдамалы шығармалар: Повестер / О.Сəрсенбаев.- Алматы: Жазушы, 1992.-

   Сəрсенбаев О. Бақыт құсы:Повесть, əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1973. – 233 б. Сəрсенбаев О. Даңқ: Повесть. – Алматы:Жазушы, 1965. – 92 б.

   Сəрсенбаев О. Жақсының көзі: Əңгімелер / О.Сəрсенбаев.- Алматы: Жазушы, 1979.- 264 бет.

   Сəрсенбаев О. Жалғыз күрке: Повесть. – Алматы: Жазушы, 1967. – 120 б. Сəрсенбаев О. Жиде гүлдегенде: Əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1977. – 247 б.

   Сəрсенбаев О. Замандас: Повестер / О.Сəрсенбаев.- Алматы: Жазушы, 1982.- 304 бет. Сəрсенбаев О. Менің мекенім / О.Сəрсенбаев.- Алматы: Қайнар, 2002.- 544 б.

   Сəрсенбай О. Өмірнама. – Алматы: Қайнар, 2005. – 688 б.

   Сəрсенбаев О. Уəде: Повестер мен əңгімелер / О.Сəрсенбаев.- Алматы: Жазушы, 1985.- 400 бет.

   Сəрсенбаев О. Шамшырақ: Роман /О.Сəрсенбаев.- Алматы: Жалын, 1990.- 416 бет. Сəрсенбай О. Шығармалары: Роман.4 том. – Алматы: Қайнар, 2010. – 384 б. – (Ауыл кітапханасы)

   Сəрсенбай О. Шығармалары. Үш томдық / О.Сəрсенбай; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана:Фолиант, 2008.- (Сырдария кітапханасы)

   Дəулетұлы А. Оразбек Сəрсенбай //Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 89 б.

  Сəдібекұлы А. Дала ақыны туралы дастан: Оразбек Сəрсенбайдың «Шамшырақ» атты романы жайлы //Сəдібекұлы А. Дарияның тұмасынан жыр боратқан. – Алматы:Аrna-b, 2012. – 59-65 б.

   Сəрсенбай Оразбек //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 464 б.

   Сəрсенбай Оразбек//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»Бас редакциясы, 2005.- Т.7. – 615-616б.

  Сəрсенбай Оразбек//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 348-349 б.

  Сəрсенбай Оразбек //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 273 б.

  Сəрсенбаев Оразбек // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 544-545 б.

  Сəрсенбай Оразбек // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 442-443 б.

   Сəрсенбай Оразбек //Ата мекен /Құраст. М.Аяпұлы, Н.Қасымұлы. – Алматы: Қайнар, 1998. – 168-170 б.

   Ахмади Ж. Терең өзен бұлқынбай ағады: Жазушы О.Сəрсенбай 70 жаста //Беласу. – Алматы, 2008. – 51-61 б.

   Байдрахманұлы Д. Оразбек Сəрсенбаев: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап: Отан деп соққан жүректер. – 254 б.

   Досанов С. Көркемсөздің көрнекті шебері: Жазушы О.Сəрсенбайдың шығармашылығы жайлы //Беласу. – Алматы, 2008. – 36-46 б.; Егемен Қазақстан. – 2008. - №254.

   Досанов С. Шынның жүзі: Жазушы О.Сəрсенбайдың шығармашылығы жайлы //Досанов С. Қыран мен жылан. – Алматы: Қазақстан,2008. – 310-322 б.

   Достияров А. Өмірдің өз бейнесін өрнектеген: Жазушы О.Сəрсенбайдың «Шамшырақ» романы жайлы // Беласу. – Алматы, 2008. – 347-348 б.; Сыр бойы. – 1992. – 5 желт.

   Исабаев Қ. «Шамшырақта» шындық бар: Жазушы О.Сəрсенбайдың «Шамшырақ» романы жайлы // Беласу. – Алматы, 2008. – 79-83 б.; Халық кеңесі. – 1992. - №226.

   Кекілбаев Ə. Қалтқысыз шындықжыршысы //Беласу. – Алматы, 2008. – 106-110б.; Қазақ əдебиеті. – 1988. – 19 тамыз

   Қазыбеков Н. Қайнар көзі – халықта //Қазыбеков Н. Ой таразысы: Сын мақалалар. – Алматы:Жазушы, 1991. – 115-130 б.

   Қайырбеков Ғ. Оразбек Сəрсенбаев: О.Сəрсенбаевтың «Шамшырақ» романыжайлы //Қайырбеков Ғ. Алыс та жақын жағалау: Екінші кітап. - Алматы: Білім, 2006.- 166-171 б.-(Əдеби мемуарлар)

   Қайырбеков Ғ. Терең тақырып: О.Сəрсенбаевтың «Шамшырақ» романыжайлы //Беласу. – Алматы, 2008. – 74-78 б.; Егемен Қазақстан. – 1992. - №271.

   Қанахин Ө. «Жиде гүлдегенде»: Жазушы О.Сəрсенбайдың «Жиде гүлдегенде» атты əңгімелер жинағыжайлы //Беласу. – Алматы, 2008. – 110-116 б.; Жалын. – 1978. - №2.

   Нұршайықов Ə. Ақын туралы роман: Жазушы О.Сəрсенбайдың «Шамшырақ» романы жайлы // Беласу. – Алматы, 2008. – 70-73 б.; Қазақ əдебиеті. – 1992. - №48.

   Оспанов С. Көркемсөздің төресі: Жазушы О.Сəрсенбайдың шығармашылығыжайлы // Беласу. – Алматы, 2008. – 87-95 б.

   Рахымбекұлы Ə. Текті талант: Жазушы О.Сəрсенбайдың шығармашылығыжайлы // Беласу. – Алматы, 2008. – 61-70 б.; Сыр бойы. – 2008. - №171.

   Рахымбекұлы Ə. Оразбек Сəрсенбаевқа: Өлең //Рахымбекұлы Ə. Ғұмырдария: Жыр кітабы. – Астана:Фолиант, 2008. – 385-386 б. - («Сырдария кітапханасы»)

   Сопыбеков А. Оразбек Сəрсенбаев: Өлең // Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар.- Астана:Фолиант, 2008.- 162-163б.- (Сырдария кітапханасы)

   Сұлтанов Д.Заман биігінен көріне бер: Жазушы О.Сəрсенбайдың шығармашылығы жайлы // Беласу. – Алматы, 2008. – 343-346 б.

   Тоқбергенов Т. Тіршілік суреттері: Жазушы О.Сəрсенбайдың шығармашылығы жайлы // Беласу. – Алматы, 2008. – 116-122 б.; Қазақ əдебиеті. – 1981. – 5 маусым

   Тілеуханов Т. Жақсылығым – сен үшін:Жазушы О.Сəрсенбайдың шығармашылығы жайлы // Беласу. – Алматы, 2008. – 46-51 б.

   Ақышев Н. Жанр жүгін сезінген: Жазушы О.Сəрсенбаевтың шығармашылығы жайлы

//Қазақ əдебиеті. – 1980. – 27 июнь

   Ахмади Ж. Бір кісі мың кісіге олжа салады: О.Сəрсенбай 60жаста //Түркістан. – 1998.

– 26 тамыз-1 қырк. (№34). – 4 б.

   Баяндин Қ.Имандылықту ту еткен қаламгер:О.Сəрсенбай 60 жаста//Қазақ елі. – 1998. – 7-14 тамыз. – 4 б.

   Дархан дарын: Жазушы О.Сəрсенбай60 жаста //Сыр бойы. – 1998. – 22 желт. Досжанов Д. Суреткер салмағы: О.Сəрсенбаев50 жаста /Д.Досжанов // Жұлдыз.- 1988.- N8.- 205-206 б.

   Доспанбетов Ұ. Өнер құдыретін арқау еткен: Жазушы О.Сəрсенбаевтың «Шамшырақ» романы жайлы //Сыр бойы. – 1992. – 4 ақпан

   Елтай Н. Жазушы жерлестерімен жүздесті: Жазушы Оразбек Сəрсенбай Шиелі ауд. жерлестерімен жүздесті /Н.Елтай // Айқын.- 2010. - 25 желт. - 5 б.

   Кекілбайұлы Ə. Жиде тоғайында жидек теріп жүргендей:О.Сəрсенбай-70 //Егемен Қазақстан. – 2008. – 18 қазан

   Кекілбайұлы Ə. Өнердегі табандылық пен адалдық //Алматы ақшамы. – 2008. – 6 қырк. – 8 б.

   Қазыбеков Н. Сөз қадірі –білгенге: О.Сəрсенбайдың шығармашылығы туралы //Қазақ əдебиеті. – 1990. – 1 маусым (№22). – 6 б.

   Қызғызбай Ө. Шығарманың шырайын ашқан //Алматы ақшамы. – 2008. – 6 қырк. Мағауин М.Шеңбердің шешуі //Егемен Қазақстан. – 1998. – 20 тамыз. – 3 б.

   Мəмесейiт Т. Сиқырлы шеңбердiң сыры мен шыны: [Жазушы О.Сəрсенбайдың мем. сыйлыққа ұсынылған "Шеңбер" атты романы туралы] // Егемен Қазақстан.- 2000.- 24 қараша

   Мекебаев А.Таңбалы тас: Жазушы О.Сəрсенбайдың повесі туралы //Ленин жолы. – 1972. – 16 май

   Мұртаза Ш. «Шеңбердің»шебері //Қазақ əдебиеті. – 2008. – 22 тамыз. – 7 б.

   Назарова А. Заңғар жазушы Оразбек Сəрсенбаев туған елінде: Шиелі ауд. ақынға арнап өткен шығырмашылық кеші / А.Назарова // Ел тілегі.- 2010. - 15 желт.;Өскен өңір.- 2010. - 15 желт.

   Нұрмахан Е. Туған жердің түтіні: Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Оразбек Сəрсенбай туған өлкесі Сыр бойында жерлестермен жүздесті / Е.Нұрмахан //Егемен Қазақстан.- 2011. - 8 қаңтар

   Рахымбекұлы Ə. Тектi талант Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, жазушы Оразбек Сəрсенбай 70 жаста // Сыр бойы.- 2008. - 16 тамыз. - 5 б.

   Сəрсенбаев О. Əдебиетке, ұлттық мемлекеттікке жаны ашитын азаматтар қажет: Жазушымен сұхбат / Сұхб. Ə.Айтмағанбетұлы //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 28 көкек

   Сəрсенбаев О. Ең қиын нəрсе - өзіңнің заманың туралы жазу: Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтыңиегері Оразбек  Сəрсенбаевпен сұхбат / О.Сəрсенбаев; сұхб. Т. Тəшенов // Айқын.- 2011. - 5 ақпан. - 5 б.

   Сəрсенбай О. Шерлi шеңбер: [Жазушының өзiнiң мем. сыйлыққа ұсынылған" Шеңбер" атты романы жайлы сұхбаты] / Əңг. С.Иманасов // Қазақ əдебиетi.- 2000.- 1 желтоқсан (N48).- 10 б.

   Сəдібекұлы А. Дала ақыны туралы дастан: О.Сəрсенбаевтың «Шамшырақ» романы Нартай Бекежанов жайында //Сыр бойы. – 1992. – 24 қараша

   Сейітқазин С. Тұғырлы тұлпар: О.Сəрсенбаевтың «Шамшырақ» романы туралы //Алматы ақшамы. – 1992. – 9 желт.




Вернуться назад