DataLife Engine > --- > ЕРЖАНОВА ЗӘКИРА

ЕРЖАНОВА ЗӘКИРА


4-05-2015, 16:09
Автор: akbota

    Ержанова Зәкира 1926 жылы Шиелі ауданына қарасты «Қызылту» колхозында дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1958), «Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» (1974). Зейнеткерлікке шыққанға дейін туған ауылында күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті. Қоғам және мемлекет қайраткері Зәкира Ержанова еліміздің күріш өсірушілері арасында жаңашыл, мол өнім жинаудың шебері ретінде мәлім. Өзінің колхозында оны «Дала аруы»— деп атаған.

     Бұл жұмыста шыққан биігі, алған асуы да аз емес, ақ күрішті өсірудің нағыз шебері болды.

    Зәкира Ержанова он жыл қатарынан атақты күріш өсіруші Ыбырай Жақаевтың звеносында істеді. Оны күріш өсіру жөнінде Жақаевтық мектептің ғылыми курсын бітірді деуге болады. 1958 жылы Зәкира звено жетекшісі болып тағайындалды. Зор сенімді ақтау үшін ол бар білімін, тәжірибесін шеберлікпен қолданды, бар ынтасымен жұмыс істеді. Сол күздің кезінде оның звеносы жақсы өнім жинады: көлемі 25 гектар егістіктің әр гектарынан 42 центнерден дән бастырды. 1960 жылдың жазы өте ыстық болды, судың деңгейі күн сайын төмендей берді, мұның езі егіннің шығымына қатер-қауіп туғызды. Алайда Ержанованың звеносы 15 гектар егістіктің әр гектарынан 45 центнерден өнім алды. Осы зор табысы үшін Зәкира Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Келесі жылы февральда Зәкира Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті III пленумының жұмысына қатысты. Пленумнан қайтып оралғаннан кейін ол газетке мақала жазды. Онда мол енімнің тағдыры көп жағдайда механикаландыруға байланысты екенін айтып, күріш есірушілерді механизатор мамандығын үйренуге шақырды.

    Еңбек процестерін механикаландырып, агротехникалық білімін тереңдете отырып, Зәкира өз участогынан жыл сайын мол өнім жинады. Әсіресе, 1962 жыл табысты болды: звено әр гектардан 72 центнерден күріш алды.

    1964 жылы жоғары өндірістік көрсеткіші үшін республика Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен Зәкира Ержанова Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен екінші рет марапатталды.

    Звено жетекшісінің тәжірибесі, білімі мен ұйымдастырушылық қабілеті 1965 жылы айқын көрінді. Сол жылғы құрғақшылық егінді қуратып жіберу қаупін туғызды. Ержанова бастаған звеноның мүшелері егінді сақтап қалу үшін асқан қажырлылық көрсетті, сөйтіп табиғаттың қатыгездігін жеңіп шықты — көлемі 18 гектар (судың аздығына байланысты звеноларға берілген участок көлемі азайтылған болатын) күріштің әр гектарынан 61 центнерден дән жинады.

   Астық өндіру және оны дайындау, техниканы тиімді пайдаланудағы қол жеткен табыстары үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен Зәкира Ержановаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

     Сыр маржанын өсіруде, одан өнім алуда жоғары рекордтық жетістіктері үшін КСРО, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды (1962). Ленин орденімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2006 жылы 26 мамырда дүниеден өтті.


Вернуться назад