DataLife Engine > --- > КАН ВЛАДИМИР АНДРЕЕВИЧ

КАН ВЛАДИМИР АНДРЕЕВИЧ


4-05-2015, 16:50
Автор: akbota

     Владимир Андреевич Кан 1908 жылы Приморье өлкесі Посельск ауданы Красное селосында туған. 1930 жылы «Свободный труд» колхозына мүше болып кірді. 1937 жылы В.А.Кан Қызылорда облысының Шиелі ауданына көшіп келді. Осында «Гигант» ауыл шаруашылық артеліне мүше болып, егіс бригадасының бригадирі болды.

     Бұл колхоз механикаландырылған көп салалы ірі шаруашылыққа айналды. Мұнда күріш егісі басты роль атқарады. Мысалы, ол 1949 жылы бұл дақылдан жүздеген гектар егістіктен орта есеппен 46 центнерден өнім өсірді. Колхоз мұндай табысқа машиналарды тиімді пайдаланудың, агротехникалық ережелерді бұлжытпай жүзеге асырудың, ауыл шаруашылығы артелі мүшелерінің қажырлы еңбегінің, ең әуелі В.А.Кан, К.Н.Нигай, Пан Мун Гук, Р.Хан және басқа бригадирлердің басшылығының арқасында жетті.

   Оған 1949 жылы 20,5 гектар күріштің әр гектарынан 84,5 центнерден рекордты өнім алғаны үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 



Вернуться назад