DataLife Engine > --- > ЦАЙ ДЕН ХАК

ЦАЙ ДЕН ХАК


8-05-2015, 11:16
Автор: akbota

     Еңбек ардагері Цай Ден Хак 1913 жылы Қиыр Шығыс өлкесі, Уссури уезі, Никольск селосында дүниеге келді. 1931-1934 жылдары Уссури уезінде кеңшарында күріш егісінің бригадирі, 1938 жылдан Қармақшы ауданы «ІІІ Интернационал» ұжымшарының төрағасы болған. 1956 жылы колхоз председателі шаруашылық экономикасын дамытудағы жетістіктері үшін Ленин орденімен наградталды. 1955-1959 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 23 маусымдағы Үкімімен Цай Ден Хакқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді, Екі Ленин ордені және медальдармен марапатталған. Ауыл шаруашылық өнімдерінің үлгісі халық шаруашылығы жетістіктерінің Бүкілодақтық көрмесіне үш рет қойылып, колхоз төрағасы екі күміс және бір алтын медальдарымен марапатталды. Еңбек ардагері 1984 жылы 5 мамырда Кармақшы ауданының «ІІІ Интернационал» ауылында дүние салды. Қызылорда қаласында және ІІІ Интернационал ауылында ардагердің атында көше бар.



Вернуться назад