DataLife Engine > --- > НИЕТҚАЛИЕВ ЕРДЕНБЕК

НИЕТҚАЛИЕВ ЕРДЕНБЕК


8-05-2015, 12:46
Автор: akbota

   1914 жылы 25 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы

   Қамысты ауылыңда дүниеге келген. 1936 жылы Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық инсгитутын бітіргеннен кейін Қызылорда облысына жұмысқа жіберіледі. Қызылорда қаласында малшылар мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, ауыл шаруашылык техникумында мұғалім, облыстық ауыл шаруашылық басқармасында нұсқаушы болып қызмет істеген.

   1941 жылы Қызылорда қалалық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қан майдаңда болған атты әскер дивизионының командирі Е.Ниеткалиев Жауынгерлік Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Ерденбек Ниетқалиев Польша Республикасы аумағында Рарцебург тас жолын қорғау кезінде, соңғы демі біткенше соғысып, нағыз ерлерше қаза тапты.

   Аса үздік ерлігі үшін эскадрон командирі, гвардия капитан Ниетқалиев Ерденбекке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумынын 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Вернуться назад