DataLife Engine > --- > ТӘКЕЙ ЕСЕТОВ

ТӘКЕЙ ЕСЕТОВ


8-05-2015, 15:31
Автор: akbota

   Тәкей Есетов (1923, қараша, Қазалы ауданы – 2003, Қызылорда) – қайраткер. Еңбек жолын сауатсыздарға әріп үйрететін курста мұғалім болып бастаған. Соғысқа дейін халық сотының хатшысы болып істеді. Алматыдағы алты айлық авиациялық курсты (1941), Ленинград қаржы-экономикалық институтын (1955) бітірген.

   1941-1942 жылдары майданда болып, ауыр жарақан алып елге оралды. Аудандық сотта хатшы, Мемлекет қауіпсіздік комитетінде қызмет етті. 1950 ж. аудандық қаржы бөлімінде, 1955 жылдан Арал аудандық қаржы бөлімінің бастығы.

  1957-1985 жылдары Арал аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Арал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен марапатталған.


Вернуться назад