DataLife Engine > --- > Әбдірәшев Төлепберген

Әбдірәшев Төлепберген


1-06-2015, 09:42
Автор: akbota

Әбдірәшев Төлепберген (26.7.1948 ж. т., Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылы) — дирижерҚазақстанның халық артисі. (1995). Алматы мемлекеттік консерваториясын (1974, Т. С. Османовтың класы бойынша) және Москва консерваториясын (1979, Г. Н. Рождественскийдің класы бойынша) бітірген. 1982 — 83 ж. Вена музыка академиясының (Австрия) стажері. 1979 — 82 ж. Алматыда Қазақсимфониялық оркестрінің дирижері (1985 — 87 ж. Қазақопера және балет театрының бас дирижері) болды. 1987 жылдан осы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері. Әбдірәшев 1977 ж. Батыс Берлинде өткен Герберт фон Кароян атындағы Халықаралық дирижерлер конкурсының дипломанты, 1983 ж. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды. Ол әр жылдары өнер сапарымен АҚШ - та, АнглиядаГерманиядаРесейдеУкраинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті.


Вернуться назад