ҚОҢЫРАТБАЕВ ӘЛІБЕК

    1907 жылы 7 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Жеті жасында жетім қалған ол Шиелі  балалар үйінде, кейінірек Ташкенттегі №5 балалар үйінде тәрбиеленді. Ташкенттегі Халық ағарту институтының екі  курсын (1922), ҚазПИ-ді бітірген (ҚазҰПУ) (1932). 1923-1928 жж. мектеп мұғалімі, халық ағарту комиссариатының  қызметкері, 1931-1933 жж. Қазақстан Жазушылар одағының жауапты хатшысы, төралқа мүшесі, 1934-1937 жж.  «Әдебиет майданы», «Қазақ әдебиеті» газет-журналдарында әдеби қызметкер, «Қазақстан» мемлекеттік  баспасында бөлім меңгерушісі болған.
     М.Жолдыбаев, М.Әуезовпен бірге "19-ғасыр мен 20-ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің оқу кітабы»  (1933) және «19-ғасыр мен 20-ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің хрестоматиясы» (1934); М.Жолдыбаев,  М.Қаратаевпен бірге «Әдебиет хрестоматиясы» (1934), А.Әлібаевпен бірге «Хрестоматия» (3-сынып) атты  оқулықтар мен оқу құралдарын жазған. Мольердің «Сараң» комедиясын, Тургеневтің «Әкелер мен балалар»  романын, Чеховтың «Ванька», «Хамелеонын», т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. Саяси қуғын-сүргін  құрбаны, 1937 жылы 17 наурыз күні тұтқындалып, сол жылдың 2 желтоқсанында НКВД-ның тергеу камерасында атылған. 1956 жылы  толық ақталған.
 

Əдебиеттер:


  Қоңыратбаев Əлібек //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 331 б.

  Қоңыратбаев Əлібек Қоңыратбайұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004.- Т.6. – 41б.

  Қоңыратбаев Əлібек //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 239 б.

  Қоңыратбаев Əлібек //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 188 б.

  Қоңыратбаев Əлібек //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 351 б. 

  Қоңыратбаев Əлібек //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 320 б.

  Дəулетұлы А. Əулет пен нəубет:Қалжан, Əуелбек, Əлібек Қоңыратбаевтар жайлы /Таңдамалы топтама – 2008. – Қызылорда: Игілік, 2008. – 98-105 б.

  Дəулетұлы А. Үш арыс: Қалжан, Əуелбек, Əлібек Қоңыратбаевтар жайлы //Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда,2010. – 62-67 б.

  Қоңыратбаев Т. Нақақтан кеткен азамат //Зауал: Мақалалар, естеліктер /Құраст. Б.Қойшыбаев. – Алматы, 1991. – 199-204 б.

  Тəжібаев Ə. Əлібек Қоңыратбаев //Тəжібаев Ə. Есімдегілер: Естеліктер, эсселер. – Алматы: Жазушы, 1993. – 85-91 б.

  Бəкірұлы Ə. Ағайынды Қоңыратбаевтар: Қалжан Қоңыратбаев, Əуелбек Қоңыратбаев, Əлібек Қоңыратбаев / Ə.Бəкірұлы // Егемен Қазақстан.- 2005.- 15 шілде

  Қоңыратбаев Т. Абақтыда атылған азамат немесе өмiрден қыршын кеткен жазушы əрi сыншы Əлiбек Қоңыратбаевтың тағдыры туралы толғаныс //Ақиқат.- 1995.- N 11.- 36- 40 б.
  Қоңыратбай Т., Қоңыратбаева Л. Қайта оралған қаламгер: Сыншы, аудармашы Əлібек Қоңыратбаев туралы //Отбасы жəне балабақша. – 1997. - №4-6. – 16-19 б. 
  Қоңыратбай Т. Қайта оралған қаламгер: [Көрнектi сыншы, аудармашы Əлiбек Қоңыратбаев туралы] // Қазақ Елi.- 1997. - 14 қараша (N45). - 4 б.

  Тəжібаев Ə. Сорғалаған сұңқар еді //Ленин жолы. – 1987. – 15 январь

  Тəжібаев Ə. Сырлас дос: Жазушы Əлібек Қоңыратбаев жайлы естелік//Қазақ əдебиеті. – 1987. – 23 январь – 13 б.

 


22 апрель 2015 г. 18:46
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: