ӘПІРЕЗОВ НЕСІПБАЙ

     Әпірезов Несіпбай 1909 жылы қазіргі Жалағаш ауданы, Аламесек ауылында туған. Күріш өсірудің шебері, Социалистік Еңбек Ері (1972). Еңбек жолын 1931 ж. «Жаңадария» ұжымшарында бастады. 1942-1945 ж. екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1946-1949 ж. өзінің туып өскен ұжымшарында еңбек етті. 1949-1967 ж. Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданының Ақарық ұжымшарында жұмыс істеді. 60-жылдары жақаевшылар қозғалысына атсалысты. Әпірезов Несіпбай агротехникалық білім мен бай тәжірибені игеріп, күрішінің әр гектарынан 75-тен 110,7 центнерге дейін өнім алды. 1967 жылдан Сырдария ауданы Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы кеңшарда күрішшілер звеносын басқарды. Осы кеңшарға 120 мың сом таза пайда келтірді. Әпірезов Еңбек Қызыл Ту орденімен және Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінің 2 алтын медалімен марапатталған.

04 май 2015 г. 15:18
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: