ЕСБОЛОВ ДҮЗБАЙ

     Дүзбай Есболов 1893 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында туған. 1910 жылдан жалданып балық  аулады. 1928 жылы Арал ауданының Ленин атындағы колхозында балықшы болды. 1938 жылдан «Құланды»  жылқы заводында әуелі шопан, кейін аға жылқышы болды. Оны әкесі жастайынан еңбегі ауыр — қойшы немесе  жылқышы болуға баулыды. Бірақ оның өз малы жоқ еді. Дүзбай жасы 17-ге толғанда Аралдағы балықшылар  қосына келіп жалданды. 1928 жылы Аралда Ленин атындағы колхоз ұйымдасқанда Дүзбай оған мүше болды,  алғашқы кезде бұрынғысынша балық аулаумен айналысты.

      1938 жылы Д.Есболовқа тұңғыш рет колхоз отары сеніп тапсырылды. Есболов малды күтіп-бағу ісін  жетілдіріп отырды.

 Ұлы Отан соғысы жылдары ол Совет Армиясы үшін көптеген сәйгүліктер өсірді. Соғыстан кейінгі жылдары бұдан  да зор табыстарға жетті.

     1947 жылдан қарауындағы 55 биенің әрқайсысынан құлын алып, аман өсірді. Д.Есболов еңбекті ерлігі үшін  СССР Жоғары Советі Президумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

     1964 жылы зейнетке шықты. Есболов Дузбай 1968 жылы 28 наурызда 97 жасында дуниеден озды.

04 май 2015 г. 16:15
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: