ТИТОВ ГЕРМАН СТЕПАНОВИЧ

   Титов Герман Степанович (11.09.1935ж., Алтай өлкесі, Косихин ауданы, Верхнее Жилино с.- 20.09.2000, Москва) – Кеңес Одағының ұшқыш-ғарышкері, авиация генерал-майоры (1975), Кеңес Одағыныњ батыры (9.8.1961). 1961 жылдан КПСС мүшесі. 1957 жылы Сталинград әскери авиациялық училищесін бітіріп, Ленинград әскери округінің авиациялық бөлімдерінде әскери ұшқыш болды. 1960 жылы ғарышкерлер даярлайтын мектепке алынады. 1961 жылы 6-7 тамызда адамзат тарихында екінші болып "Восток-2" космос кораблімен ғарышқа ұшты. Г.Титов корабльмен жерді 17 рет айналып шығып, ғарышта 25 сағат 17 мин. болды. Титов 1968 жылы Н.Е.Жуковский атындағы инженерлік академияны, 1972 жылы К.Е.Ворошилов атындағы Бас штабтың академиясын бітірді. Ленин орденімен және көптеген шетел ордендерімен наградталған.

    Г.Титов – БХР-дің Социалистік Еңбек Ері, ВСР-дің Еңбек Ері, МХР-дің Батыры. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің біріне Г.Титов есімі берілген. "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" атағы берілді.

08 май 2015 г. 17:48
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: